Назарбаев Ұлттық банк басшысына теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермеуді тапсырды
Алматы. 20 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, кездесу барысында мемлекет басшысы Ұлттық банктің 2015 жылғы есебін тыңдады..
«Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаның айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты», - делінген хабарда.
Д. Ақышев өткен жылдың Қазақстан экономикасы үшін оңай болмағанын, соған байланысты ақша-несие саясаты түбегейлі өзгертілгенін атап өтті. Бұл ретте 2016 жылы валюта, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтану нышаны байқалып отыр.
Ұлттық банк төрағасы орта мерзімді кезеңде ел тұрғындары мен кәсіпорындары үшін оң нәтижелер, соның ішінде несиелеудің жандануы күтіліп отырғанына назар аударды.